Мектеп негізінен 1960 жылы Үштоғай жеке бастауыш мектебі болып орыс тілінде ашылды. Алғашқы мектеп мұғалімдерді болып Омарбеков Зейнолла, Мусина Қапиза 1966-1972 жылдары, 1972-1978 жылдары Щепеткина Валентина Василевна қызмет атқарды. Аталмыш бастауыш мектебі 1978 жылы жабылды.
1973 жылы қазіргі Үштоғай ауылы орналасқан жерінде Рассвет савхозы ашылды. 1974 жылы осы жерден 6 сыныптық орыс тілді мектепке «Рассвет» атауы берілді. Кейін, 1975 жылы 8 сыныптық негізгі мектебі болып қайта ашылды. Аталмыш мектеп 1981 жылы 10 сыныптық орыс тілді мектеп болып жұмысын жалғастырды. 1986 жылы аталмыш мектепте қазақ сыныптары ашыла басталды, сол жылы қазақ тілінде бес сынып ашылды.
1988 жылы мектеп 1-10 сыныптар қазақ –орыс тілді болды.
1998 жылы мектепте орыс сыныптары жабылып, тек қазақ тілді мектеп болды.
2012 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 120 орындық екі қабатты жаңа мектеп, салынып пайдалануға берілді.
Мектепте басшылық жасағандар:
Аты-жөні | Басшылық жасаған жылдар |
Дангилов Хайролла Дангилович | 1974-1978 ж.ж. |
Сахно Вера Павловна | 1978-1981 ж.ж. |
Ошақбаев Шәкіртай Ошақбайұлы | 1981-1983 ж.ж. |
Әбеуов Кенжебай Әбеуұлы | 1983-1984 ж.ж. |
Рогатов Қабылан Китайбекұлы | 1984-1986 ж.ж. |
Шаймерденов Дүйсен Қайратұлы | 1986-1991 ж.ж. |
Ахметов Қайыржан Ахметұлы | 1991-1994 ж.ж. |
Садвакасов Марат Нұрланұлы | 1994-1997 ж.ж. |
Шоңғалов Серікбай Шоңғалұлы | 1997-2000 ж.ж. |
Исмаилова Бақыткүл Сәндібекқызы | 2000-2015 ж.ж. |
Әбдуахит Әділхан Әбдіғалымұлы | 2015-2023 ж.ж |
Калтаева Гюльзада Дуйсенгалиевна | 2023 жылдан бастап |